Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне жаңа басшы келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне жаңа басшы келді

30.07.2014
Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне жаңа басшы келді

ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы болып Қанат Байеділов тағайындалды. Бұл туралы мекеменің Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланған, деп мәлімдеді ҚазАқпарат.

«ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Қаржы министрі Б. Сұлтановтың 30.07.2014 жылғы № 271-Л/С бұйрығымен Қазынашылық комитетінің төрағасы болып Қ. Байеділов тағайындалды. Бұған дейін Қ.Байеділов Астана қаласы бойынша Салық комитетін басқарды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін, Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің басшысы болған Руслан Бекетаев министрдің орынбасары болып тағайындалды.

Қ. Байеділов 1967 жылы Алматы облысында туған, Алматы Халық шаруашылығы институтын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты.

Хабарламаларға жазылу