Қазақ күресі федерациясына жаңа басшы сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресі федерациясына жаңа басшы сайланды

07.10.2019

Дәурен Абаев Қазақ күресі федерациясының басшысы болып сайланды. Бұл туралы сенбі күні саланың жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлім болды. 2013 жылдан бері федерация басшысы болып келген Арман Шораев енді вице-президент ретінде жұмысын жалғастыра береді. Осы уақыт аралығында үлкен жұмыс атқарылды. Ірі сайыстар ұйымдастырылып, «Қазақстан Барысы» деген бренд қалыптасты. Ең бастысы, қазақ күресі ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді. Жаңа лауазымға ие болған Ақпарат және қоғамдық даму министрі ұлттық спорттың деңгейін одан әрі арттыруға қатысты бірқатар жоспары бар екенін айтты. 

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі, «Qazaq kuresi» Федерациясының президенті:

Алдағы уақытта осы сала мамандарымен бірігіп, тың шараларды жүзеге асырамыз деген сенімдемін. Қазақта «арық айтып, семіз шық» деген сөз бар. Сондықтан осы сөздің нәтижесін көрсетуге тырысамыз деп айтқым келіп отыр.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу