Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

07.04.2019

Апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына екі күндік ресми сапармен барып келді. Бұл осы аптадағы Қазақстан мен Ресейдің ақпарат құралдары жарыса жазған ортақ тақырыпқа айналды.

Өйткені, бұл Президент лауазымына кіріскеніне небәрі екі апта болған қазақ басшысының алғашқы шетелдік ресми сапары. Мемлекет басшысы ретінде осы екі апта уақыт ішінде қандай да бір екіжақты құжаттарды дайындап шығу мүмкін бе? Және алғашқы ресми сапарды неліктен Мәскеуден бастап отыр? деген сауалдар төңірегінде сан түрлі пікір айтылды, жазылды.

Сонымен, Президент борты сәрсенбінің сәтінде жергілікті уақыт бойынша күндізгі 11:00-де қала әуежайына барып қонды. Қазақстан Президентін дипломатиялық хаттамаға сәйкес, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин күтіп алды.

Естеріңізде болса, Ұлықтау рәсімінен кейін жан-жақтан ағылған құттықтаудың алғашқыларының бірі Ресей Президентінен келіп түскен еді. Сол кезде Владимир Путин Қазақстан Президентін Ресей Федерациясына сапармен келуге өзі арнайы шақырған болатын.

Хабарламаларға жазылу