Басты Жаңалықтар Теннистен Федерация Кубогы бойынша «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілімдер кестесі

Теннистен Федерация Кубогы бойынша «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілімдер кестесі

Теннистен Федерация Кубогы бойынша «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілімдер кестесі

Астанада теннистен Федерация Кубогы басталды. Азия және Тынық мұхитындағы жетекші елдердің 7 командасы әлемдік турнирдің плей-офф кезеңіне шығу үшін бәсекелесетін болады.  

«Kazsport» телеарнасынан жарыстың барлық күні көрсетіледі.

9 ақпанға арналған көрсетілімдер кестесі:

18:10    Бірінші күн. Алғашқы ойын

20:15    Бірінші күн. Екінші ойын

22:15    Бірінші күн. Жұптық ойын

Естеріңізге саламыз, А тобында шыққан қазақстандық ракеткалар бірінші күні Оңтүстік Корея теннисшілерімен шығып, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жекелей кездесуде Галина Воскобоева қарсыласы На-Лэ Ханды  2:0 (7:5, 6:1) есебімен ұтса, Ярослава Шведова Су Джеонгқа есе жіберді -  2:0 (5:7, 2:6).

Қазақстан құрамасының келесі кездесуі таиландтық теннисшілермен  10 ақпанда Ұлттық теннис орталығында өтеді.

А тобының жеңімпаздары В тобындағы Қытай, Жапония, Үндістан және Филиппин елдерінің ойыншыларымен ІІ Әлемдік топтың плей-офф жолдамасын сарапқа салады.

Бөлісу