Қазақтың ұлттық спорт түрі қазақша күрес 2017 жылы Ашхабадта өтетін Азия ойындарына енді, деп хабарлайды dodasport.kz.
22 әлемге танымал спорт түрлерінің қатарына қазақ күресі де қосылып отыр. Спортшылар 70 кг, 90 кг, +90 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсетін болады.
19 қаңтар күні Бүкіләлемдік күрес қауымдастығының Президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиадалық Кеңесінің Президенті Шейх Ахмед Аль — Фахад Аль — Ахмет Аль Сабах Азия ойындарының қатарына қазақ күресін қосу туралы келісімге қол қойды.
12 жыл аралығында қазақ күресі бойынша алты әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, үш әлем кубогы, үш Еуропа чемпионаты және 50 елдің спортшылары қатысқан Африка чемпионаты өткен болатын. 2015 жылы қазақ күресі Бүкіләлемдік күрес қауымдастығына қосылды.