Астанада ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың қатысуымен ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызметі үшін дарынды жастарды мемлекеттік қолдау мақсатында екі жылда бір рет 10 аталым бойынша беріледі. Биыл ең үздік әрі талантты жастар ғылым, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы, дизайн және бейнелеу өнері, эстрада, театр және кино, классикалық ән және қоғамдық қызмет аталымдары бойынша марапатталды.
«Спорт» аталымында «Дарын» сыйлығымен Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен Әділбек Ниязымбетов марапатталды.
Баландин тілшілерге берген сұхбатында, осынау жоғары деңгейлі сыйлыққа ие болу ол үшін үлкен тосын сый болды. «Бұл өте үлкен құрмет, оны алғаныма қатты қуаныштымын, «Дарын» сыйлығын иелену маған үлкен шабыт беріп отыр. Мен бұндайды күтпеген едім, сондықтан маған бұл үлкен тосын сый болды», - дейді Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин.