Талдықорғанда индорхоккейден ерлер арасында Азия чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда индорхоккейден ерлер арасында Азия чемпионаты басталды

16.05.2015
Талдықорғанда индорхоккейден ерлер арасында Азия чемпионаты басталды

Талдықорғанда индорхоккейден ерлер арасында VI Азия чемпионаты жалауын көтерді. Бәсекеге Тәжікстан, Өзбекстан, Иран, Катар және Қазақстан құрама командалары қатысып жатыр.

Алғашқы екі күнде қазақстандық индорхоккейшілер екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Азия құрлығында бірінші атануға ұмтылған жерлестеріміздің бабы жаман емес.

Жалпы Қазақстан құрама командасы Талдықорғандағы «Бесарыс» кәсіби клубының ойыншыларынан жинақталған.

Махмұт Орманов, Қазақстан құрама командасының бас жаттықтырушысы: 

Тәжікстан құрама командасымен 20:1 ойнадық. Бүгін ең мықты командалардың бірі Катар командасын жеңіп кеттік. 3:2. Үйде жарыс қабылдау қиын. Үлкен жауапкершілік бар. Бар күшімізді береміз. Жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу