Велотректен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы қола еншіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Велотректен Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы қола еншіледі

14.06.2023

Тас жолдағы велоспорттан Таиландта өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды. Жерлестеріміз бір аптаға созылған құрлықтық біріншілікте 15 жүлдеге ие болды. Ал бүгін Малайзияда велотректен ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты басталды. Бəсекенің алғашқы күні-ақ Қазақстан ерлер құрамасы командалық жарыста қола жүлдеге қол жеткізді. Жарыста ел намысын Əлішер Жұмахан, Артём Захаров, Дмитрий Носков пен Рамис Дінмұхамедов қорғады. Олар 4 шақырымды 4 минут 4 секундта жүріп өтті.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу