Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді

01.10.2014
Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді

Қазан айының 3-5 күндері Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді. Азия біріншілігіне Қазақстан құрамасымен бірге 19 мемлекеттен келген 110 балуан қатысады.

Биылғы чемпионатта тұңғыш рет қыздар да бақ сынамақ. Қыздар -55, -65, -75, +75 келі салмақта күш сынасатын болады. Азия чемпионатында еліміз намысын Анна Казюлина, Олеся Куценко (55 келіге дейін), Зәмзәгүл Файзолланова, Файза Әділбаева (65 келіге дейін), Марина Мамонтова, Ақтолқын Смағанбетова (75 келіге  дейін), Зарина Байбатина және Алмагүл Қашина (75 келіден жоғары) қорғайды. 

Ал, ерлер -55, -60, -70, -80, -90, +90 келі және абсолюттік салмақ дәрежесінде белдеседі. Ерлер арасында ел намысын Талғат Шегенов, Қуат Бекбаев (55 келіге  дейін), Абзал Арыстанбеков (60 келіге  дейін), Нұржан Жұмажан (70 келіге  дейін), Бегімхан Әділбеков (90 келіге  дейін), Мереке Тұрашев (90 келіден жоғары), ал, абсолютті салмақ дәрежесінде Айбат Сейтен мен 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» – Айбек Нұғымаров қорғайды.

Хабарламаларға жазылу