Инчхонда өткен Пара ойындарының нәтижесі бойынша Қазақстан Ұлттық құрамасы 24 медаль иемденіп, жалпыкомандалық 11-ші орынға тұрақтады. Отандастарымыз 7 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды. Бұл жүлделердің көбін жүзу спортының өкілдері ұтып алды.
Жүзуде Зульфия Габидуллина, Дмитрий Ли және Әнуар Ахметов ойындардың үш дүркін чемпионы атанды. Сонымен қатар, жүзуден эстафеталық команда екі «алтын» әкелді. Ал, Әнуар Ахметов болса, үш «алтыннан» басқа, эстафеталық командада тағы екі алтын жүлде алды. Осыған қоса, ол жеке сында 3 күміс пен 2 қола медаль иеленді.
Инчхондағы Азияның Пара ойындарындағы жалпыкомандалық бәсекені Қытай спортшылары ұтты. Олардың қоржынында 174 алтын жүлде. Екінші орынды Оңтүстік Корея алса, Жапония спортшылары үштікті қорытындылады.
Қазақстандық спортшылар үшін Инчхондағы ойындар тарихымыздағы ең сәтті жарыс болды. Мысалы, Әнуар Ахметов пен Зульфия Габидуллина Пара ойындары, Азия мен Әлем рекордтарын жаңартты. Төрт жыл бұрын Гуанчжоуда өткен ойындарда Қазақстан спортшылары жалпыкомандалық 23-ші орынға тұрақтаған еді.