Нанкин Олимпиадасында БАҚ өкілдеріне барлық жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нанкин Олимпиадасында БАҚ өкілдеріне барлық жағдай жасалған

23.08.2014
Нанкин Олимпиадасында БАҚ өкілдеріне барлық жағдай жасалған

Нанкин Олимпиадасында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, медиа-орталықта бір мезетте 180 адам жұмыс істей алады.

Әр мемлекеттен келген журналистер  қажетті керек заттарын  өздерімен бірге ала келген. Дегенмен, медиа-орталық, арнайы қажетті бағдарламалар орнатылған компьютерлермен де  жабдықталыпты. Жұмыс уақыты кезінде 8 азамат кезекшілік жасап, журналистердің кедергісіз жұмыс жасауына көмегін тигізеді. 

Сонымен қатар, бас медиа-орталықтан бөлек, жарыстар өтетін спорт ғимараттарында қосымша баспасөз бөлмелері жұмыс істейді. Мұнда барлық жарысты тікелей трансляцияда тамашалауға болады.

Ал, осы тартысты бәсекелерді  қазақстандық жанкүйерлерге «KAZsport» арнасы  көрсетуде.

Нұрсұлтан ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу