Қазақстанда ет өндірісін өркендетуге барлық жағдай жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ет өндірісін өркендетуге барлық жағдай жасалған

31.03.2016
Қазақстанда ет өндірісін өркендетуге барлық жағдай жасалған
Ет қауымдастығының басшысы Мақсұт Бақтыбаев бұл саланы дамыту үшін елімізде керектің бәрі бар, дейді.

Кәсіпті неден бастасам деп жүрсіз бе? Ет өндіру саласына келсеңіз, ұтылмайсыз. Ет қауымдастығының басшысы Мақсұт Бақтыбаев бұл саланы дамыту үшін елімізде керектің бәрі бар дейді. Жайылымдық, шабындық жер бар. Тәжірибе де үлкен.

Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда ет өндірісі өте жоғары болған. Мәселен, 1990 жылы 710 мың тонна сиыр еті шығарылса, 2013 жылы екі есе төмендеп, 2015 жылы 427 мың тонна болды. Қой еті мен құс етін өндіру көлемі де Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары екі есе жоғары еді.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу