Көркем гимнастикадан Нанкин-2014 жүлдегерлері Астанаға оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көркем гимнастикадан Нанкин-2014 жүлдегерлері Астанаға оралды

02.09.2014
Көркем гимнастикадан Нанкин-2014 жүлдегерлері Астанаға оралды

Қытайдың Нанкин қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиадасында көркем гимнастикадан топтық көпсайыс бағдарламасы бойынша қола медаль жеңіп алған қазақ қыздары елордаға келді.

Қазақстандық гимнастшылар Нұрай Құмарова, Виктория Гуслякова мен Әмина Қожахат, сондай-ақ, олардың командаластары Алия Молдахметова (Шығыс Қазақстан облысы) және Дарья Медведева (Солтүстік Қазақстан облысы) елордалық №1 БЖСМОР шәкірттері.

Олар - Қазақстанның абсолюттік чемпиондары, халықаралық жарыстардың, соның ішінде жаттығу түрлері бойынша Еуразия ойындарының және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жеңімпаздары.

Хабарламаларға жазылу