Оңтүстік Кореядағы ХVІІ жазғы Азия ойындарына 400-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореядағы ХVІІ жазғы Азия ойындарына 400-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады

06.08.2014
Оңтүстік Кореядағы ХVІІ жазғы Азия ойындарына 400-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады

Оңтүстік Кореядағы ХVІІ жазғы Азия ойындарына 400-ге жуық қазақстандық спортшы қатысады, бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев айтты.

«Биылғы жылы екі бірдей ірі спорттық жарыс өтеді. Оның бірі Қытайдың Нанкин қаласында ІІ Жасөспірімдер Олимпиадасы мен Оңттүстік Кореяның Инчхон қаласында ХVІІ жазғы Азия ойындары өтеді. Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстаннан спорттың 21 түрінен 51 спортшы бақ сынайды.

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен қыздардың дайындығы  Олимпиядалық ізбасарлар даярлау орталықтарында шоғырланған. Ал, Азия ойындарында қазақстандық 400-ге жуық спортшы спорттың 39 түрінен ел намысын қорғайды», - деді агенттік төрағасы.

Айта кетейік, 1998 жылы Бангкокте және 2010 жылы Гуанчжоуда өтен Азия ойындарында біздің Ұлттық құрама жалпы есепте қатарынан екі рет 5 орын алған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу