Басты Жаңалықтар Дзюдодан бапкерлердің республикалық семинары өтуде

Дзюдодан бапкерлердің республикалық семинары өтуде

Дзюдодан  бапкерлердің республикалық семинары өтуде

ҚР Дзюдо федерациясының ұйымдастыруымен Ақтауда дзюдо күресінің бапкерлерінің республикалық семинары басталды.

Федерация  бапкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында биылдан бастап, аймақтық семинарлар ұйымдастыруды қолға алған. Ондағы мақсат - әсіресе, ауылдық жерлердегі бапкерлердің білімін жетілдіру.

Үздік спортшылардың барлығы ауылдық жерлерден шығатындығы белгілі. Сондықтан, осындай семинар арқылы жаттықтырушылар өз білгенін толықтырып  отырмақ.

Михаил Щепетюк, Қазақстанға Еңбегі сіңген жаттықтырушы:

Бапкерлер үшін бұл - таптырмайтын семинар. Олар алысқа бармай-ақ, осы жерден дзюдоның жаңа ережелері туралы толық мағлұмат ала алады. Біз теорияны практикамен ұштастырып, нақты деректер береміз. Бұл бапкерлердің біліктілігін арттыру үшін қажет.

Тельжан КҮДЕРОВ

Бөлісу