Жеңілген құрама жанкүйерлерінің жанайқайы

09.07.2014
Жеңілген құрама жанкүйерлерінің жанайқайы

Кеше футбол мамандары Бразилия жеңілсе, 1 доп айырмасымен жол береді дескен. Дегенмен, сарапшылардың пікірін Германия құрамасы күл-парша етті.

Ойын аяқталғаннан кейін Бразилияда тәртіпсіздік болған. Мәселенің мән-жайын қазір тікелей байланысқа шыққан тілшімізден білейік.

Мейіржан Әлібек, тілші:

Кешегі жаһанның 5 дүркін чемпионы, Пеле отаны үшін «қаралы» күн деп жазылды. Мен қазір Сан-Паулу қаласындағы қонақүйдемін. Қауіпсіздеу жердемін, қауіпсіздеу дейтінім - кешегі жеңілістен соң, Бразилияның ірі қалаларында қақтығыстар болды.

Ашулы жанкүйерлер Белу-Оризонти шаһарында дүкендерді тонап, тәртіпсіздік жасаса, басқа қалада жағажайда трансляция көріп отырған шетелдік туристерді сабаған. Ал, Сан-Паулу қаласында ашынған жанкүйерлер ондаған автобусты өртеп жіберген. Тіпті, ұлттық байрақты өртеп, футбол жейделерін отқа жаққан. Мұндай ірі жеңілісті, Бразилия өз басынан бір ғасыр бұрын өткізген екен. Ол кезде олар Уругвайдан жеңілген.

Мейіржан Әлібек, тілші:

Бүгін болатын мачтқа келсек, Аргентина да, Голландия да осал емес. Қайсысы жеңеді, сол Германиямен кездеседі. Негізі Аргентина өз тарихында екі рет жартылай финалға шықан. Ары қарай финалға өтіп, жеңіске жеткен екен, яғни, 1978 жылы және 1986 жылы. Енді Аргентина араға 24 жыл салып, жартылай финалға шығып тұр.

Сондықтан, Месси мен оның командасы бүгін қалай да барын салмақ. Ал, Голландия болса, 3 рет финалист болғанымен, жеңіс оларға бұйырмаған. Сондықтан, Луи ван Галдың шәкірттері де  негізі әлсіз жігіттер емес. Ван Перси мен Роббендер бүгін қалайда финалға шығуға жандарын салмақ.

Мейіржан ӘЛІБЕК

Хабарламаларға жазылу