Бүгін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Даниямен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Даниямен кездеседі

11.11.2016
Бүгін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Даниямен кездеседі

Бүгін 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Дания командасымен кездеседі. Ойын Копенгаген қаласындағы «Паркен» стадионында өтеді.

Бұл ойын - Қазақстан үшін осы турнир аясындағы төртінші матч. Бұған дейін футболдан Ұлттық құрама Польша, Черногория және Румыния командаларымен кездесу өткізіп, 2 матчта ұпай бөліссе, бір ойында жеңілген болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, біздің құрама мен даниялықтар арасындағы кездесуді тікелей эфирде «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан көре аласыздар. Трансляцияның басталуы түнгі 01:35-те. Сондай-ақ,  kaztrk.kz және kazsport.kaztrk.kz сайттарында онлайн-көрсетілім жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу