Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Молдовамен кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Бүгін Қазақстан құрамасы Молдовамен кездеседі

29.03.2022

Бүгін Футболдан Қазақстан құрамасы Молдова командасын қабылдайды. Қос құрама ұлттар лигасының С лигасында қалу үшін таласып жатыр. Жеңілген команда Д лигасына түседі. Бірінші кездесу Кишинев қаласында өткен. Тартысты ойында отандастарымыз 2:1 есебімен басым түскен.

Ал бүгін футболшылар «Астана-Арена» стадионында ойнайды. Кездесуге Иван Кружляк бастаған словакиялық төрешілер төрелік етеді. Матч кешкі сегізде басталады. Ұлттық құраманың ойынын «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу