Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

07.02.2014
Қазақстан Ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болып 50 жастағы Юрий Красножан тағайындалды. Ресейлік маман  өткен жылы Грозныйдың «Терек» клубын жаттықтырған.  Бапкерлік жолын  2004 жылы Нальчиктің «Спартак»  клубынан бастаған ол «Локомотив», «Россия-2», «Анжи», «Кубань» клубтарында жаттықтырушы болып қызмет атқарған.

Қазақстан футбол федерациясы жаңа бапкермен 2+2 жүйесі  бойынша келісімшартқа отырды. Ұлттық құрама жаңа маусымдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 27-ші ақпан күні Түркияның Анталия қаласында бастайды. Юрий Красножан жетекшілігімен Ұлттық құрама алғашқы ойынын 5-наурызда Литвамен өткізеді.

Бұған дейін Ұлттық құрама тізгінін ұстаған 56 жастағы  чех маманы Мирослав Беранек 2013 жылдың аяғында қызметінен босатылған болатын. Беранек жаттықтырған Қазақстан ұлттық құрамасы екі жыл ішінде  24 ойын өткізіп, 5 ойында жеңіске жетіп, 6 ойынды тең ойнап, 13 ойында жеңілген.

 

Хабарламаларға жазылу