Ә.Жақсыбеков барлық қала тұрғындарын «Астана» футбол клубын қолдауға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Жақсыбеков барлық қала тұрғындарын «Астана» футбол клубын қолдауға шақырды

30.09.2015
Ә.Жақсыбеков барлық қала тұрғындарын «Астана» футбол клубын қолдауға шақырды

«Астана» - «Галатасарай» футбол матчының қарсаңында елорда әкімі Ә.Жақсыбеков жанкүйерлерді, барлық қала тұрғындарын сүйікті құраманы қолдауға шақырды.

«Бұл ойынның нәтижесі қандай болатынына қарамастан, біз жеңіске жетіп қойғанбыз. Ел спорты тарихында тұңғыш рет қазақстандық футбол клубы Еуропа Чемпиондар Лигасын - ең жоғары деңгейдегі спорттық турнирді қабылдауда.

Бұл бапкерлер мен ойыншылардың ғана жетістігі емес. Бірінші кезекте, бұл – спорттың дамуына жан-жақты қолдау көрсетіп, спорттық нысандарды көбейтіп, Астанада үлкен халықаралық спорт сайыстарын өткізуге мұрындық болған Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасы.

Бұл, сонымен қатар, спорт, дене шынықтыру және салауатты өмір салтын өмірлік ұстанымдарына айналған құрама жанкүйерлерінің де еңбегі. Бүгін «Астана Арена» стадионында өтетін спорттық мереке барлығымызды одан әрі жұмылдыра түсуі керек», - деді Ә. Жақсыбеков.

Хабарламаларға жазылу