Бүгін Ұлттық арна Франция-Албания ойынын тікелей эфирде ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арна Франция-Албания ойынын тікелей эфирде ұсынады

15.06.2016
Бүгін Ұлттық арна Франция-Албания ойынын тікелей эфирде ұсынады

Бүгін «А» тобындағы 2-ші турдың екінші ойыны Франция мен Албания құрамалары арасында өтеді. Бұл матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан сағат 00:50-де тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

1-ші турда Франция құрамасы Румынияны 2:1 есебімен жеңсе, албаниялық футболшылар Швейцария құрамасынан 0:1 есебімен жеңілген.

Бұған дейін екі құрама 6 рет кездескен екен. 5 ойында Франция құрамасы жеңіске жетсе, албаниялықтардың 1 ойында мерейі үстем болған. Қазіргі уақытта Франция құрамасы ФИФА рейтингінде 17 орында болса, Албания 42 орынға жайғасқан.

Айта кетейік, Франция-Албания матчының қайталауын ертең, 16 маусымда, «Kazsport» телеарнасынан сағат 15:45-те тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу