«Атырау» футбол клубы құрамын жаңартты
«Атырау» футбол командасы алдағы ел чемпионатына толықтай дайын. Ол туралы бүгін футболшылар және бапкерлер құрамымен кездескен аймақ басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовке мәлімдеді.
Кездесу барысында футболшыларға команданың жейдесін облыс әкімі табыстады. Биыл «Атырау» командасы негізгі құрамын 80 пайызға жаңартқан. Команда облыс басшылығы мен жанкүйерлер қойған талапты жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
Таяуда ғана соңғы жаттығулардан оралған команда 9 жолдастық кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен. Атырау командасы осы маусымның алғашқы ойынын 15 наурызда сырт алаңда Алматының «Қайратымен» өткізеді.
Владимир Белявский, «Атырау» команданың бас бапкері:
Облыстық әкімдік зор қолдау көрсетуде. Олардың көмегі біздің ойынымызға да әсер ететіні сөзсіз. Командамыз жаңа қажетті ойыншылармен толықты. Енді, қалғаны біздің қолымызда. Басты мақсат - бірінші айналымда алтылыққа кіру.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада үш ұрпақты тоғыстырған фестиваль өтті
01.10.2026, 17:50
1 қазан – Қарттар күні
01.10.2026, 17:35
Азиада: Жүлдегерлер елге оралды
01.10.2026, 17:33
Азиада: Дзюдо – 2 күміс, 1 қола
01.10.2026, 17:30
Абай облысында оқушылар цитрус өсіре бастады
01.10.2026, 17:27
Бүгін – Радио күні
01.10.2026, 17:25
Кітап оқу адамның интеллектуалдық әлеуетін арттырады
01.10.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
01.10.2026, 17:20