Басты Жаңалықтар 1 қазан – Қарттар күні

1 қазан – Қарттар күні

Қарияларға құрмет. Бүгін Астанада Қарттар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға жиналған дария көңіл қарияларға  Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының әртістері ән мен жырдан шашу шашты. Бұл орталықта қарттар бос уақыттарын тиімді өткізу үшін түрлі спорттық және мәдениет үйірмелеріне қатысады. Айта кету керек, бүгінде Қазақстанда 2,5 млн-ға жуық зейнеткер тұрады. Олардың ең жасамысы 106 жастағы қария Шымкентте тұрады.

Назкен Жирентаева, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшесі:

Біздің тобымыз «Әлемді таңғалдырған әжелер» деп аталады. Осы біздің тобымызбен бүкіл жер шарын араладық деп айтуға болады. Қазағымыздың салт-дәстүрін, ұлттық киімін таныстырып, ертең рухани байлығымызды ұрпағымызға тапсыру – біздің басты міндетіміз деп санаймын. Енді кішкентай кезімізде армандаған арманымыз осы зейнеткерлікке келген соң орындалып жатыр деп айтуға болады.


Бөлісу