Қайрат Қанафин 17-ші орында
Сочиде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында жерлестеріміздің арасынан жарыс жолына бірінші болып Қайрат Қанафин шықты. Көз жанары нашар көретін биатлоншылар арасында 7,5 шақырымға созылған бәсекеде барын салды.
Бұл сында украиналық спортшы бірінші болса, жүлдегерлер қатарында Ресей және Беларусь елінің өкілдері. Шаңғы жолының ауырлығы қазақстандық спортшының жақсы нәтиже көрсетуіне кедергі келтірді.
Екі нысанада бірнеше рет мүлт кеткен Қайрат Қанафин 17-ші орынды иеленді. Қайрат енді шаңғышылар бәсекесінде және 10 шақырымға созылатын жарыста бақ сынайды.
Қайрат Қанафин, Ұлттық паралимпиада құрамасының мүшесі:
Дайындық ойдағыдай өтті. Бірақ, жарыс кезінде қобалжыдым. Әлі де шеберлігіміді көрсететін мүмкіндік бар. Сондықтан, алдағы сында барымды саламын.
Индира БЕКТЕНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03