Астанада дзюдодан студенттер арасында жарыс өтті
Бүгін Астанада еліміздегі жоғары оқу орындары арасында дзюдодан Еуразия Ұлттық университеті ректорының кубогы үшін республикалық жарыс өтті.
Аталған жарысқа еліміздің барлық жоғарғы оқу орнынан 14 команда, 100 спортшы қатысты. Жарыстың басты мақсаты - студенттер арасында спортты дамытып, дені сау ұрпақ тәрбиелеу, дейді ұйымдастырушылар.
Тартысты өткен сайыс қорытындысында үшінші орынды екі команда - Қазақ Спорт және туризм академиясы мен Семей Мемлекеттік медицина университеті иеленді. Екінші орында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Ал, Айбек Нұғымаров бастаған Еуразия Ұлттық университетінің командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Айбек Нұғымаров, жарыс жеңімпазы:
Жарысқа магистр ретінде университеттің атынан қатыстым. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.
Рүстем БАЙДӘУЛЕТОВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14