Мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыс өтті
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлердің XIV спартакиадасы өтіп жатыр. Жыл сайын ұйымдастырылатын спорттық шараға 5 қала мен 14 ауданның мемлекеттік қызметкерлері қатысуда.
Қалалық және аудандық әкімдік, облыстық департамент пен басқармалар, сондай-ақ, аймақтағы құқық қорғау органдарының өкілдері спорттың 9 түрінен бақ сынап, өзара мықтыларын анықтайды.
Бүгін спартакиадаға қатысушылар мини-футболдан сайысқа түсті. Жарыстың бұл түрі бойынша турнирлер ертең аяқталады. Одан соң суда жүзу, волейбол мен шаңғы жарыстары өтеді. Әр команда жеңіске жету үшін бар күштерін салуда.
Сәрсенхан Қабдолданов, Үржар аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:
Бүгін бірінші кездесуде Зайсан ауданының командасынан жеңіліп қалдық. Одан кейін Катонқарағай, Абай ауданы бар. Жігіттеріміздің жігері жаман емес, жеңіске деген құштарлықтары бар, жақсы нәтиже көрсетеміз деп ойлаймын.
Берік КӨШЕРБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14