Самбошылардың бәсекесі аяқталды
Алматыда самбодан Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Әлем Кубогының кезеңі мәресіне жетті. Жарысқа әлемнің 17 елінен 350-ден астам палуан қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Сайыстың алғашқы күні біздің спортшылардың үшеуі жеңістің ең биік сатысына көтерілсе, келесі күні тағы үш жерлесіміздің мерейі үстем болды.
Ел қоржынына алғашқы алтынды 52 келі салмақта белдескен Бейімбет Қанжанов салды. Ол тартысты өткен финалдық белдесуде ресейлік Алексей Клыкинді ұтты.
Жалпыкомандалық сайыстың қорытындысы бойынша 11 салмақта жеңімпаз атанған Ресей спортшылары топ жарса, 6 рет тұғыр биігіне көтерілген қазақстандық спортшылар екінші орынды иеленді. Беларусь командасы қола медальді місе тұтты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды
15.08.2026, 16:39
«Lotus Fest-2026»: 94 адам Run марафонына қатысты
15.08.2026, 14:07
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14