БҚО Бөрлі ауданында «Жастар» стадионы ашылды
«Алдағы жылдары тұтас ел аумағында балабақша, мектеп, емхана, спорт кешені, театр, әуежай, вокзал, жол және басқа да маңызды нысандар салынады», - деді Мемлекет басшысы кешегі 3-ші стратегиялық серіктестер форумында. Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында жаңарған «Жастар» стадионы ашылды.
Ақсай қаласындағы спорт кешені кен игеруші компанияның әлеуметтік жобалары аясында салынды. Заманауи нысан жастардың спортпен жүйелі айналысуына сеп болмақ. Стадион аумағы 2 гектарға жуықтайды. Мұнда жаңадан садақ ату, футбол, баскетбол, волейбол, үлкен теннис және Street Workout алаңдары ашылған. Сондай-ақ дене шынықтыруға арналған жаттығу құралдары да орнатылыпты. Ұзындығы 400 метрді құрайтын төрт жолақты жүгіру жолы бар. Енді жастар тек жүгіріп, секіріп қана қоймай, роликті шаңғы тебумен де айналыса алады.
Байтас Бақтығали, оқушы:
Біз бірінші матчымызды өткізіп жатырмыз. Алаңға көгал төсеген екен. Өте жақсы, ыңғайлы. Спортшыларға бәрі бар.
Қасым Қаженов, самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы:
Көріп тұрсыздар, шаңы шығып жатқан жерден қазір керемет заманауи стадион салып беріп жатыр. Соған рахмет айтамыз. Болашақта ел намысын қорғайтын, қазағымыздың Туын желбірететін жастар өсіп шығады деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы