Басты Жаңалықтар Атырауда пластик қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт іске қосылады

Атырауда пластик қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт іске қосылады

Атырауда пластик қалдықтарын қайта өңдеп, одан өнеркәсіптік өнім өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. Инвестициялық жобаның жалпы құны 1 миллиард 43 миллион теңгеден асады. Қаржыландыру кәдеге жарату төлемдері есебінен жүзеге асырылып, жобаға «Жасыл даму» акционерлік қоғамы қолдау көрсеткен. Кәсіпорын жылына 8 мың тонна полиэфирлі штапель талшығын өндіруге қауқарлы. Өндірістің негізгі шикізаты – пайдаланылған пластик бөтелкелер. Дайын өнімді құрылыс және өнеркәсіп салаларында қолданылатын геосинтетикалық материалдар жасауға пайдаланады. Сонымен қатар кәсіпорын өнімді экспортқа шығаруды да көздеп отыр.

Ерболат Наурызғали, зауыт директорының орынбасары:

Бұл жоба Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық бағыттағы жобалардың бірі болып саналады. Жобаның жалпы құны 1,6 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңгесі «Жасыл даму» АҚ қоладуымен кәдеге жарату, төлемдерді қаражат есебінен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жеңілдетілген қаржыландыру ретінде берілген болатын. Осы қолдау арқасында бізге негізгі өндірістік құрылғылар алынды.

Бөлісу