Такси жүргізушілері мен курьерлердің құқығы қорғалады
Такси жүргізушілері мен курьерлердің де құқығы қорғалуы керек. Әділет партиясының жиынында жеткізу қызметінде жүргендерді медициналық және әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту жайы қаузалды. Өйткені елімізде цифрлық платформалар арқылы 1 миллионға жуық азамат жұмыс істейді. Ал олар тіпті зейнетақы жарнасына да жарымайды. Сондықтан платформа мен орындаушының міндеттемелерін нақтылап, әлеуметтік төлемдерді төлеудің әділ әрі түсінікті тәртібін қалыптастыру маңызды. Сондай-ақ олардың табыс лимитін айлықтан жылдық есептеуге көшіру керегі айтылды.
Ақгүл Шарипова, такси жүргізушісі:
5 тарап бірлесе отырып, яғни заңды да қолға алып, таксистер мен курьерлердің де құқықтарын алға жылжыта отырып, табыс көзі, салық жағы деген сияқты барлығы жұдырықтай жұмылып осы өзекті мәселені ортаға қойған кезде мәселе шешілуі шарт деп ойлаймын. Себебі қаншама сөз айтылды. Біздерді әйтеуір біреу естіді-ау.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы