Басты Жаңалықтар Президент: Біздің Стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру

Президент: Біздің Стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру

Президент 2026 жылғы Жаһандық инновация индексінде Қазақстан аймақ елдері арасында ең жоғары көрсеткішпен көш бастап, орнықты өсім көрсеткенін атап өтті. «Бірақ жаһандық бәсекелестік қызған кезеңде бізге арқаны кеңге салуға болмайды» деді. Бұл туралы мемлекет басшысы ІII Стратегиялық серіктестер форумында айтты. Президент Қазақстан жоғары білімнің, ғылымның және халықаралық академиялық ынтымақтастықтың өңірлік орталығы ретіндегі позициясын дәйекті түрде нығайтуды көздейді деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің Стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық білім нарығының, әсіресе, өзекті әрі сапалы білім нарығының бір бөлігі болу. Ғылым мен білімде жаттандылыққа, формализмге жол беруге, сайып келгенде, өзіңді алдауға болмайды.

Бұған дейін Қазақстанда Астана мен Алматы қалалары еліміздің зияткерлік, ғылыми және мәдени орталықтары саналады. Енді солардың қатарына Шымкент қаласы да қосылмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым. Ұлттық мәртебе білім ордасымен қатар, құзырлы министрлікке де зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан университет сапалы білімнің, терең ғылымның ошағы, аймақтың зияткерлік орталығы болуға тиіс.

Бөлісу