Қазақстан Орталық Азияда энергетикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұр
Италияның Eni компаниясы жариялаған World Energy Review 2026 есебіне сәйкес, Қазақстан мұнай өндіру, экспорттау, көмір өндірісі және жел энергетикасының орнатылған қуаты бойынша Орталық Азияда жетекші орында.
2025 жылы Қазақстанда тәулігіне 2,098 млн баррель мұнай өндірілген. Салыстырмалы түрде айтсақ, Түрікменстанда тәулігіне 200 мың, Өзбекстанда 81 мың, Қырғызстанда 6 мың баррель мұнай өндірілген. Осылайша, Орталық Азиядағы бес мемлекеттің жиынтық мұнай өндірісінің шамамен 88 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Мұнай экспорты тәулігіне 1,243 млн баррельге жеткен.
Қазақстанның энергетика саласындағы әлеуеті мұнай өндірумен ғана шектелмейді. Ел табиғи газ өндіруден де Орталық Азиядағы жетекші үш мемлекеттің қатарына кіреді. 2025 жылы Қазақстанда 28,21 млрд текше метр табиғи газ өндірілген. Ал Түрікменстанда бұл көрсеткіш 72,48 млрд, Өзбекстанда 40,16 млрд текше метрді құраған.
Қазақстандағы жел электр станцияларының орнатылған қуаты 1909 МВт болған. Бір жылда олар 5401 ГВт/сағат электр энергиясын өндірген.
Ал Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізде шамамен 120 млн тонна көмір өндірілген. Елдің мол табиғи қоры мен өндірістік әлеуеті өңірдің энергетика саласындағы жетекші орнын қамтамасыз етеді.
Eni дерегіне сәйкес, 2025 жылы еліміздің нақты жалпы ішкі өнімі 2015 жылғы тұрақты бағамен есептегенде 260,3 млрд долларды құраған.
Сонымен қатар Қазақстан табиғи газ өндіруден Орталық Азиядағы үш ірі мемлекеттің қатарына кіреді.
Мұнай, газ, көмір және жаңартылатын энергия көздері – Қазақстанның Орталық Азия бойынша энергетикадағы әлеуетін айқындайтын негізгі бағыттар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы