Басты Жаңалықтар Телефон нөміріңізді сақтап, операторды ауыстыруға болады

Телефон нөміріңізді сақтап, операторды ауыстыруға болады

Елде ұялы байланыс операторын ауыстыру тәртібі жеңілдеді. Енді абонент телефон нөмірін өзгертпей-ақ, басқа операторға оңай өте алады. Жаңа ереже бойынша, жеке тұлғалардың өтініші 45 минут ішінде, ал компаниялардың өтініші 4 жұмыс сағатында орындалуы тиіс. Бірақ нөмір алғаш қосылғаннан кейін кемінде 14 күн өтуі керек. Сондай-ақ операторды 60 күнде бір реттен жиі ауыстыруға рұқсат жоқ. Өтінішті жаңа оператордың кеңсесінде немесе автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі арқылы беруге болады.

Бөлісу