Басты Жаңалықтар Білім мен ғылымды дамытуға арналған бастамалар қаралды

Білім мен ғылымды дамытуға арналған бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері білім мен ғылым саласын, сондай-ақ адами капиталды дамытуға арналған бастамаларды қарады. 70-ке жуық ұсыныс талқыланды. Атап айтқанда, Ақмола облысында SmartCity пилоттық жобасын іске қосу, лудомания мәселесін тереңірек зерттеу және ғылымды қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту мәселелері көтерілді. Сонымен қатар отбасы мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайту, мектептердегі буллингтің алдын алу жайы қаралды. Жиында азаматтардың өз идеялары мен ұсыныстарын жолдауына мүмкіндік беретін «Кеңес ел» диалогтік платформасы да сөз болды.

Мұрат Әбенов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Халық кеңесінің басты мақсаты елмен кеңесу ғой. Мен мысалы өзім «Кеңес ел» деген жобаны ұсынып жатырмын. Мен енді басқаратын комитеті білім және адами капитал. Бұл жерде өте көп мәселе бар, мектептің жағдайы, колледждер, университеттер, кадрларды дайындау, енді алдағы уақытта халық құрылысы басталады оған кадрлар қаншалықты жетеді.

Бөлісу