Сақ қорғандарын қазғандар анықталды
Шығыс Қазақстан облысында Сақ қорғандарын ауыр техникамен қазып, қайта жауып кеткен. Оқиға Зайсан ауданы, Шілікті ауылы маңында болған. Қазба жұмыстарына «SRS» серіктестігіне тиесілі көлік пайдаланылған. Алайда тарихи ескерткіштерге нақты қаншалықты зиян келгені әзір белгісіз. Қазір осы жайтқа қатысты полиция мән-жайды анықтап жатыр.
Қымбат Мұхамадиева, ШҚО әкімі баспасөз қызметінің маманы:
«Шағаноба» археологиялық кешеніне қатысты жағдай бойынша аумаққа тексеру жүргізіліп, жер қазу жұмыстарының іздері тіркелді. Қатысы бар адамдар анықталып, тиісті матерталдар құқықтық баға беру үшін құзырлы органдарға жолданды. Қар жамылғысына байланысты қорғандардың жай-күйі мен ықтимал залал көлемін түпкілікті бағалау өте қиын. Дегенмен, келер көктемде мамандар қосымша тексеру жүргізеді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы