Басты Жаңалықтар Қазақстан Орталық Азиядағы мұнайдың 88 пайызын өндіреді

Қазақстан Орталық Азиядағы мұнайдың 88 пайызын өндіреді

Қазақстан Орталық Азиядағы энергетикалық көшбасшы орнын сақтап отыр. Италиялық Eni компаниясының World Energy Review 2026 шолуына сәйкес, аймақта өндірілетін мұнайдың 88 пайызы Қазақстанның үлесінде. 2025 жылы еліміз тәулігіне 2 миллион 98 мың баррель мұнай өндірген. Сондай-ақ Қазақстан мұнай экспорттау мен көмір өндіруден де өңірде бірінші орында. Жаңартылатын энергия саласында да көш бастап, жел электр станцияларының жалпы қуатын 1909 мегаватқа жеткізген. Былтыр жел станциялары 5 мың 401 гигаватт-сағат электр энергиясын өндірді. Бұл деректер Қазақстанның дәстүрлі энергия көздерімен қатар, жасыл энергетиканы да дамытуда өңірдегі жетекші ел екенін көрсетеді.

Бөлісу