Басты Жаңалықтар Нато елдерінің бірлескен әскери жаттығуы өтіп жатыр

Нато елдерінің бірлескен әскери жаттығуы өтіп жатыр

Польшада НАТО-ға мүше 11 елдің қатысуымен «Коалиция-2026» халықаралық әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр. 9-22 қараша аралығына жоспарланған маневрлерге 2,8 мыңға жуық әскери қызметші жұмылдырылған. Олардың қатарында Франция, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Швеция және альянстың басқа да елдері бар. Ең көп әскери контингентті Франция мен Ұлыбритания жіберген. Оқу-жаттығу барысында әскерлердің өзара іс-қимылы, ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы күрес, сондай-ақ миналарды залалсыздандыру тәсілдері пысықталады. Негізгі мақсат - НАТО елдерінің Украина аумағында ықтимал әскери миссияны орындауға дайындығын тексеру.

Бөлісу