Басты Жаңалықтар Екі айдан ұзақ емделуді қажет ететін аурулардың тізімі жаңартылды

Екі айдан ұзақ емделуді қажет ететін аурулардың тізімі жаңартылды

Екі айдан ұзақ емделуді қажет ететін аурулардың тізімі жаңартылды. Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қарашадағы бұйрығына сәйкес, жаңа тізімге 434 ауру түрі енгізілген. Олардың қатарында туберкулез, менингит, гепатиттің ауыр түрлері және онкологиялық аурулар бар. Сондай-ақ жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі аурулары, күйік, үсік пен ауыр жарақаттар қамтылған. Бұл аурулар кезінде қызметкердің еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асуы мүмкін. Сондықтан оның  ұзақ уақыт емделуіне байланысты жұмыс беруші келісім шартын тоқтата алмайды. Министрлік бұйрығы 24 қарашадан бастап күшіне енеді. 

Бөлісу