Басты Жаңалықтар Қазақ музыканттар еуропалықтарға шеберлік сабақ өтті

Қазақ музыканттар еуропалықтарға шеберлік сабақ өтті

Қазақстандық музыканттар еуропалықтарға шеберлік сабағын өткізді. Брюссельге гастрольдік сапармен барған «Қаған»этно-фольклорлық ансамблінің өнерпаздары шетелдіктерге ұлттық аспаптарды таныстырды. «Қаған» этно-фольклорлық ансамблі «Шымкент концерт» ұйымының жанынан құрылған ұжым. Кәсіби музыканттар еуропалықтарға домбыра, дауылпаз, сазсырнай, шаңқобыздың қоңыр үнін естіртіп, шығу тарихын баяндады. Күйді күмбірлетіп, көпшілікке әр аспаптың құдіретін сезіндірді. Шеберлік сабағына белсенді қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге Брюссельдегі қазақ мәдени орталығының атынан сыйлықтар табысталды. Таңқалаларлық пішінді, ғажайып сазды, бай тембрлі аспаптарға шетелдіктер қызығып, болашақта ойнап үйренуге ниетті.

Каролина Фоглауа, Брюссель қаласының тұрғыны:

Әр аспаптың үні ерекше. Бір-біріне ұқсамайды. Маған әсіресе Шаңқобыз қатты ұнады. Бізде Аустрияда осыған ұқсас аспап бар. Орындаушылардың шеберлігі тәнтті етті.

Дарья Баландина, Бельгияның Монс университетінің ғылыми қызметкері:

Маған сыбызғы қатты ұнады. Музыкант жан-тәнімен ойнап, аспаптың бар әсемдігін көрсетті бізге. Ғажап үн тұла-бойымды тітіркендірді. 

Бөлісу