Басты Жаңалықтар Қызылорда мектебінде экологиялық зертхана ашылды

Қызылорда мектебінде экологиялық зертхана ашылды

Қызылордада Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектепте экологиялық зертхана ашылды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында енді оқушылар қоршаған орта мен табиғиатты күтіп ұстаудың қыр-сырын меңгереді. Білім ордасында апта сайын эко-сабақтар өтіп отырады. Ұстаздар тазалық пен экологиялық мәдениетті балалардың бойына сіңіріп, жасыл желек өсіруді үйретіп жатыр. Эко зертханада оқушылар түрлі өсімдіктің көшеттерін отырғызып, өздері күтіп-баптайды. Сондай-ақ «Су және білім» бағдарламасы бойынша су үнемдеу технологияларын да зерттеп, бірнеше жоба әзірлеген. Яғни, жас ұрпақ мектеп қабырғасында білім нәрімен сусындап қана қоймай, табиғатқа жанашырлықпен қарауға дағдыланады.

Айжан Шорабекқызы, мектеп директоры:

Бұл акция бізде бір реттік науқан ғана емес сонымен қатар жалпы оқушылардың бойында өмірлік дағдыға айналдыруды басты мақсат етіп отырмыз. Осы мақсатта мектебімізде эко сағаттар, эко фесттер тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Бөлісу