Басты Жаңалықтар Талдықорғанда дизель автобустарды электроавтобусқа ауыстыруда

Талдықорғанда дизель автобустарды электроавтобусқа ауыстыруда

Талдықорғанның қоғамдық көлік паркіне 19 жаңа электроавтобус алынды. Отандық зауытта құрастырылған экологиялық көліктер әзірге №5 және №13 бағыттар бойынша халыққа қызмет көрсетеді.

Автобустардың басты ерекшелігі – электр қуатымен жүреді. Қоршаған ортаға зияны жоқ. Толық қуаты 250 шақырымға жетеді. Ал жалпы сыйымдылығы 70 жолаушыға арналған. Көлік едені де төмен, арнайы пандустармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде егде жастағы кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мініп-түсуіне жеңіл. Іші жазда салқын, қыста жылы. Электронды таблолар мен арнайы бейнебақылау камералары да орнатылған. Қала әкімдігінің мәліметінше, алдағы 2–3 жылда автобус паркін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланып отыр. Қазір облыс орталығында 30-ға жуық бағыт бойынша 200-ден астам қоғамдық көлік жолаушы тасымалдайды.

Ғабит Қапасов, мердігер:

Осыдан үш автобус алып келгенбіз, алдын-ала тексеріп көрейік деп. Бір жыл жүргіздік. Бәрі жақсы болды. Сонымен биыл 19 автобус алып отырмыз. 90 автобусымыз бар бізде. Сол 90 автобустың 29-ы газовый бізде. Қалған мына дизельмен жүретін автобустарды шығарып жатырмыз. Сонда менде жартысынан астамы уже экологический таза автобустар болып жатыр.

Бөлісу