Басты Жаңалықтар Президент ҰҚК басшылығымен жиын өткізді

Президент ҰҚК басшылығымен жиын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті комитет басшылығына таныстырып, бірқатар міндет жүктеді. Президент ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалау және қызмет тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, экономика саласындағы ұлттық мүддені қорғау, сыбайлас жемқорлық пен өзге де заң бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар кадр іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптердің алдын алу және басым мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезінде жемқорлық тәуекелдерін болдырмау шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді.

Бөлісу