Басты Жаңалықтар Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар докторантурада білім ала алады

Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар докторантурада білім ала алады

Биылдан бастап еліміздегі өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар докторантурада білім ала алады. Жаңа оқу жылында жоғары оқу орындары осы санаттағы 330 маманды қабылдаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Жаңа бастама өндірісте жинақталған тәжірибені ғылыми зерттеулермен ұштастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ кәсіпорындардағы технологиялық және басқарушылық мәселелерді шешуге, өндіріс саласындағы инновацияларды дамытуға және білікті мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға сеп.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Бұл бағдарламаның ерекшелігі - біріншіден жеңілдетілген бағдарламалар. 3 жылдық бағдарлама, 4 жыл емес. Скопус мақалаларда жариялау талабы жоқ. Керісінше сол өндіріске байланысты жаңа инновациялық шешімдер енгізу, тіпті диссертацияны өндірістік шешіммен, өндірістік жобамен алмастыруға болады.

2029 жылға дейін докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге жетеді

Сондай-ақ 2029 жылға дейін PhD докторанттарының ай сайынғы шәкіртақысын 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Министрдің айтуынша, қазір докторанттар ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда оның мөлшері екі есе өскен.

Бөлісу