Басты Жаңалықтар «Самұрық-Қазына» АҚ қызметін штаттық режимде жалғастыруда

«Самұрық-Қазына» АҚ қызметін штаттық режимде жалғастыруда

«Самұрық-Қазына» басшылары ұсталғанына қарамастан, қор мен оның еншілес компаниялары штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Ұйым инвесторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындайтынын мәлімдеді. Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, инвестициялық жобалар мен стратегиялық бағдарламалар да бекітілген жоспарға сай жүзеге асырылуда. Сондай-ақ қор қаржылық тұрақтылығын сақтап, отандық және шетелдік серіктестермен ұзақмерзімді ынтымақтастықты жалғастыратынын растады.

Бөлісу