Басты Жаңалықтар Екі Ұлттық компанияның басшысы ұсталды

Екі Ұлттық компанияның басшысы ұсталды

«Самұрық-Қазына» қоры Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді. Қор құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетіп, сұратылған құжаттар мен ақпаратты ұсынып жатқанын хабарлады. Ал басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы әзірге тағайындалмаған. Бүгін Астанада екі ірі ұлттық компанияның басшылары уақытша тергеу изоляторына қамалды. Ұсталғандар арасында «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының» басқарма төрағасы Елжас Отыншиев және сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген өзге де тұлғалар бар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жемқорлыққа қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.

Бөлісу