Басты Жаңалықтар Әлеуметтік қорғау саласының мәселелері талқыланды

Әлеуметтік қорғау саласының мәселелері талқыланды

Алматыда Құрылтай депутаты Айдос Сарым, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Айгүл Сәдуақасова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі  Ербол Тұяқбаев әлеуметтік қорғау саласының өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Басқосу барысында Президент тапсырмаларын орындау және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері сөз болды. Әсіресе халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету және олардың тиімділігін жақсарту жайы айтылды. Сондай-ақ осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен әлеуметтік сала мамандарының бірлесіп жұмыс істеуінің маңыздылығы атап өтілді.

Айдос Сарым, ҚР Құрылтайының депутаты:

Негізгі мақсат – Президенттің айтқан ойларын халыққа ежіктеп түсіндіріп беру, Президент айтқан дүниелер бойынша ақыл-ой, кеңес-пікірлерді жинау деген сияқты жұмыстармен айналысып жатырмыз. Осы күндері жиналған барша пікірлерді жинап, ақпараттық базаларға, оның ішінде ЖИ-мен қамтылатын «Әділет» деген бағдарламамыз бар, соның ішіне салып өңдейміз.

Бөлісу