Экологиядан өндіріске дейін: Жолдау міндеттерін талқылады
«Әділет» партиясының өкілдері Абай және Қарағанды облыстарында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылады. Семей орманы қызметкерлерімен кездесуде өрттің алдын алу, орманды қалпына келтіру және сала мамандарының еңбек жағдайын жақсарту мәселелері көтерілді. Ал Теміртаудағы «Qarmet» кәсіпорнында өндірісті жаңғырту, еңбек қауіпсіздігі мен жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы сөз болды. Партия өкілдері экологиялық қауіпсіздік пен өндірістік әлеуетті арттыру ел дамуының маңызды бағыттары екенін атап өтті. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, еңбек ұжымдары өз ұсыныстары мен мәселелерін ортаға салды.
Аяжан Мақан, «Әділет» партиясының мүшесі:
Мемлекет басшысының жолдауында жаңағы келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялаған еді. Ал ол кәсіпкерлерге қарасты шағын және орта бизнес өкілдеріне де қатысты. Себебеі ол кісілердің пікірін, ұсыныстарын тыңдау маңызды. Арықарай осы бастамаларды жүзеге асыру жолында үлкен рөл атқарады десек болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы