Басты Жаңалықтар Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады

Ақмола облысында 2 сүт-тауарлы ферма іске қосылады

Ақмола облысында жыл соңына дейін екі сүт-тауарлы ферма іске қосылмақ. Оның бірі Бурабай ауданында орналасқан. Толық автоматтандырылған заманауи ферманың құрылысы бүгінде аяқталып қалды.

Бүгінде сүт-тауарлы ферманың құрылыс-монтаж жұмыстары қызу жүріп жатыр. 1440 сауынды сиырға арналған нысан заманауи технология бойынша салынуда. Германия, Швеция, Италия мен Қытайдан жеткізілген құрал-жабдықтар өндірістік үрдісті бірыңғай цифрлық жүйе арқылы басқаруға мүмкіндік бермек.

Бибінұр Әмірханқызы, тілші:

Бүгінде ауыл шаруашылығын цифрландыру мен автоматтандыру өнімділікті арттырып, шығынды азайтудың басты жолына айналды. Мәселен фермада автоматты сауу каруселі орнатылмақ. Сондай-ақ малды жайлы ұстау жүйесі іске қосылады. Яғни температураны, ылғалдылықты, жарық деңгейін, тіпті газдардың концентрациясын реттеп отыратын ақылды жүйе енгізіледі.

Сүтті малды асылдандыру мақсатында ферма үшін 600 бас сүтті сиыр арнайы Германиядан жеткізілді. Неміс селекциясындағы голштин тұқымы ең жоғары сүт өнімділігімен ерекшеленеді. Тәулігіне 40 литрге дейін сүт береді, - дейді мамандар.

Нұрасыл Назыбеков, мал дәрігері:

Бізде Германиядан әкелінген малдардың бәрі зертханалық жұмыстардан өтті, аман-есен таза өтті бәрі. Күнде таңертең кешке дейін бәрін бір қалыпты ұстап отырамыз. Ауырғанын лечениеден өткіземіз.

Серіктестік мемлекеттік қолдаудың арқасында сүт-тауарлы фермамен қатар сүт зауытын да қатар салып жатыр. Қос жобаның жалпы құны 7,2 миллиард теңге. Бұл шикізат өндіруден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклді қамтамасыз етпек.

Ғалымжан Әбдіқалықов, серіктестіктің бас директоры:

Осы сүт-тауарлы ферма мен сүт зауытының құрал-жабдықтарына арналған мемлекеттің көмегі 5,5 миллиард теңге болды. Соның ішінде 595 малдың, оның да бағасы кіріп тұр. Осы сүт тауарлы ферманы 1440 басқа арналған жібергенде, 55 тоннаға дейін сүт алу керек. Ол жылына 17-18 мың тонна сүт бізідң халқымызға жіберіледі.

Соңғы үш жылда Ақмола облысында 6 сүт-тауарлы ферма іске қосылды. Бұл сүт өндірісінің көлемін 23,9 пайызға арттырды. Биыл мал шаруашылығын дамыту бойнша 5 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қосымша 9 млрд теңге бөлінді.

Нұрбек Бадырақов, облыстық а/ш басқармасының басшысы:

Жалпы 10 сүт-тауралы фермасы іске қосылады. Жалпы сүттің өндірілетін көлемі 150 мың тоннаға дейін жеткізетін боламыз. Барлық осы ауылшаруашылық саласындағынегізгі репродукторлаңы барлығы өзімізден шығу керек деген міндет қойып отыр. Яғни біз сүтті бағыттағы голштейн тұқымды породаларды да біз алдағы бір-екі жылда өзімізден шығарамыз.

Жыл соңына дейін өңірге асыл тұқымды 10 мың бас ірі қара және 6 мың бас қой жеткізілмек. Ал алдағы уақытта осы малдардың санын арттыра отыра бірнеше ауданда репродукторлық орталықтар ашылады.

Бөлісу