Басты Жаңалықтар Жолаушы тасымалы 2,9%-ға артты

Жолаушы тасымалы 2,9%-ға артты

Қазақстанда жыл басынан бері 1 миллиард 600 миллион жолаушы тасымалданған. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,9 пайызға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтар мен қазан аралығында жолаушы тасымалынан түскен табыс 1,4 триллион теңгеге жеткен. Халықтың басым бөлігі автобус немесе электр автобустарымен пайдаланады. Ал әуе қатынасына сұраныс 5 пайызға өскен. Он айда ұшақпен 13 миллион 800 мың адам сапарлаған. Ал жүрдек пойызбен жүйткігендер 15 миллион 700 мыңға жетті. Өңірлер арасында жолаушы тасымалы бойынша Алматы көш бастап тұр. Мұнда 395 миллионға жуық адам тасымалданған. Астана мен Қарағанды облыстарында көрсеткіш 285 және 122 млн жолаушыдан асады. Ал жолаушылар санының өсімі жағынан Шымкент алда. Шаһарда бұл көрсеткіш бір жылда 27 пайызға артқан. Астана қаласында 10, Қарағанды, Жетісу облыстарындағы өсім 8 бен 9 пайыз аралығында.

Бөлісу