Басты Жаңалықтар Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды

Таразда жаңа оқу кешені мен жатақхана ашылды

«Біздің стратегиялық мақсатымыз – елімізді Орталық Азиядағы академиялық хабқа айналдыру, жаһандық сапалы білім нарығының бір бөлігі болу». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында осылай деп, елдегі білім саласына барынша жағдай жасау керектігін айтты. Ал бүгін осы мақсатта Таразда дарынды балалаларға арналған IT-лицей-интернатының жаңа оқу кешені мен жатақханасы пайдалануға берілді.

«Балауса» шағын ауданындағы заманауи кешен аумағына үш блоктан тұратын нысандар тұрғызылды. Соның бірі 300 орындық оқу корпусы және  дәл осы сыйымдылыққа сай жатақхана ғимараты. Сондай-ақ ауқымды асханасы, кітапхана, спорт және акт залы бар. Бұған дейін лицей-интернаттың жатақханасы небәрі 45 орынға арналған еді. Енді жатын орын саны артып, алыс аудандардан келетін дарынды балаларға қолайлы жағдай жасалып отыр. Осылайша 8 жыл бұрын ашылған ақпараттық технологиялар бағытындағы лицейде орын тапшылығы шешімін тапты.

Шоқан Қалдыбаев, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IT лицей-интернаты» КММ директоры:

Бұдан бөлек робототехника және STEM-лабораториямыз бар. Қазіргі таңда 325 оқушы оқиды. Жаратылыстану бағытындағы пәндердің барлығында ағылшын тілінде білім беріледі. Осыған дейін 163 мектеп түлегі бітірді. Ол студенттеріміздің барлығы әлемдік және Қазақстанның ТОП ЖОО-да білім алуда.

Бөлісу